Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы міндеттер туралы, партияның 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын облыс бойынша іске асырудың Жол картасындағы 2.3 бөліміндегі облыс тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайында және сайлау уақытында сайлаушылардан түскен ұсыныстардың (наказы) облыс бойынша орындалу барысы қаралып, талқыланды.
Кеңес отырысына партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық кеңес төрағасы Қожахмет Ілиясов және жауапты сала өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты директоры экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев, облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Измагамбетов, партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі Қанат Ақылбеков хабарлама жасады.
Жиында кеңес мүшелерімен ұсынылған мәліметтер бойынша ақпараттар кеңінен талқыланып, аталған салалардағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Отырыста айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстарды хаттамаға енгізу және жауапты тұлғалар мен мекемелердің назарына жеткізу жөнінде тапсырмалар берілді.