«Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕСІ» аттыреспубликалық байқауына барлық сала өкілдерінқатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты:
2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында түрлі салада – білім, медицина, өндіріс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет және басқа бағыттарда адал еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғамдағы маңызын айқындау. Қоғамның тұрақты дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының беделін көтеру, олардың еңбегін үлгі ету және еңбекқорлықты ұлттық санада мәртебелі құндылық ретінде орнықтыру.
Іс-шараның міндеттері:
Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар 2025 жылдың қараша айының 3-недейін as********@**il.ru электронды почтасынанемесе +7 707 410 1324 WhatsApp номерінеқабылданады.
Байқау қатысушыларына:
Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: as********@**il.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40