ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – мәңгілік тұлға» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға аудан әкімі Мажит Самитов қатысып, ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтады.

— “Құрметтi ұстаздар, қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді кәсiби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлағатты ұғым. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады. Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулитын – Сіздерсіздер қадірлі ұстаздар қауымы! Сондықтан, Сіздердің осы жолдағы ұшан — теңіз еңбектеріңіз қоғам дамуына қосып жатқан үлестеріңіз айрықша.
Мерейлі күні Сiздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шәкірт тәрбиелеу жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.” — деді аудан басшысы.

Арнайы марапаттау рәсімінде бірқатар ұстаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздары мен талантты оқушылардың дайындаған арнайы концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ардагерлер мен ұстаздар үшін әуезді әндер мен қойылымдар тарту етіліп, кештің шырайын кіргізді.

БӨЛІСУ