БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

 №293 мектеп базасында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің төрағалығымен балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті.

Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Нариман Үсенұлы мен полиция бөлімі басшысының орынбасары полиция подполковнигі Ербол Тоқанұлы және жеке мектепке дейінгі балабақша меңгерушілері қатысты.

Жиын барысында балалар тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне:
Балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе қауіпсіздік белдігімен отырғызу;

«Балалар тасымалы» белгісі мен сары түсті жарқылдауық маяк болуы;
Автобус сары түсті, техникалық талаптарға сай болуы;
8 литрлік өрт сөндіргіш пен екі дәрі қобдишасының болуы;
Жүргізушінің жасы кемінде 25 жас, еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы шарттары түсіндірілді.

Барлығымызды балалар қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

БӨЛІСУ