Отбасы күніне орай «Руханият» орталығында «Адал адам» мәдени — тәрбие тұжырымдамасының «Жанұя шуағы» жобасы аясында «Отбасы — мереке ордасы» атты ауданымыздағы өнерлі отбасы мүшелерімен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов , аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов қатысты.
Шара барысында өнегелі, өнерлі отбасылардың саналы ғұмырларында өткізген өмірлері, отбасындағы қағидалар мен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастарға қиын-қыстау кезеңде отбасыны берік сақтап қалу туралы ақыл-кеңестерін айтты. Одан бөлек, көрермен тарапынан қызықты сұрақтар қойылып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында отбасы мүшелеріне аудан әкімінің алғыс хаты табыс етіліп, сый — сыяпатпен құрмет көрсетілді.