ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындар өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі және көшелерді асфальттау, мәселелерін көтерді.

Қабылдау барысында Жалғас Оңғарұлы әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді зерттеп, заңдылыққа сәйкес шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Ал, көшелерге асфальт төсеу мәселесіне байланысты тиісті сала басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, байланысты аудан басшысы сол аймақтарға өзі барып көретіндігін айтты.

БӨЛІСУ