ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «ЖАС ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жастардың еңбекке бейімделуі мен кәсіби біліктілігін арттырудың, сонымен бірге жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтерудің маңызды екенін атап өткен болатын.

Осы бағытта Қызылорда қаласында қала әкімдігінің қолдауымен, Қалалық “Qosyl” жастар орталығы мен “Қызылорда облысының жастар Одақтары” ұйымдастыруымен «Жас дәнекерлеушілер» байқауы өткізілді.

Байқауға 15 жас маман қатысып, екі кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті:
Теориялық білімдерін сынау
Тәжірибелік дәнекерлеу жұмыстары

Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Алдағы уақытта бұл бастама жалғасып, жас аспаздар, тігіншілер, электриктер мен құрылысшылар арасында да осындай байқаулар ұйымдастырылатын болады.

Бұл шаралар – Жолдауда айтылғандай, жас ұрпақтың кәсібилігін арттырып, елдің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына бағытталған нақты қадамдар.

БӨЛІСУ