АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 31 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мажит Самитов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Сессияны аудан мәслихатының төрағасы Жарқынбек Ғалымжан жүргізді.

Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №297 Жаңақорған ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламашыға депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, тиісті жауаптар беріліп, ұсынылған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

БӨЛІСУ