М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Жанұя шуағы» жобасы аясында ауылдағы батыр аналармен кездесу өтті.Кездесу кешіне арнайы шақырылған ғибратты ғұмыр иесінің бірі Жүнісқұлова Тиышкүл әже 80 жасқа қарап тұр. Еңбектен де қол үзбей, шаңырақ шуағында сейілтпеген әже 9 перзенттің анасы. 19 немере 8 шөбере сүйіп отырған қадірлі жан.
Ал Байғарева Райхан анамыз 6 баладан 22 немере, 5 шөбере сүйіп отыр. Қадірлі ана, үлгілі ене. Қазір білгенін жастарға үйретіп жүрген ауыл үлкендерінің бірі.
Екеуі де мәдениет үйіндегі “Асыл ана” әжелер ансамблінің мүшелері.
Бұл кеш — аналардың өмір жолынан өнеге алып, олардың батылдығы мен парасатына тағзым еткен ерекше сәт болды.
Шынайы әңгіме, жүрекке жетер сыр, жылы жүздесу — барлығы осы кештен көрініс тапты.
Тал шыбықты қалай исең, солай бой түзейді. Сондықтан жастарға осындай тәлімді кештердің берері мол.