АС ТӨРЕСІ ҚАЗАНЖАППАЙ

Сырдария аудандық қоғмадық даму бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі, аудандық әйелдер кеңесі және А.Тоқмағанбетов ауылдық клубы бірлесіп «Қазағымның салт-дәстүрлерін дәріптей білейік!» тақырыбында «Қазанжаппай» дайындау бойынша әйел-аналар арасында сайыс өткізілді.
Қазанжаппай дайындаудың мақсаты — ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, әйел-аналардың шеберлігін, бірлігін және ұлттық тағамдарға деген құрметін көрсету, қазақтың ас дайындау дәстүрін ұрпаққа үйрету, дастархан мәдениетін насихаттау.
Сайысқа он әйел- аналар қатысты.
Нәтижесінде жүлделі 1 орынды Ақжарма ауылынан қатысқан ана, 2 орынды Асқар ауылынан қатысқан 80 жастағы анамыз, 3 орынды Аманкелді ауылынан қатысқан ана жеңіп алды.
Барлық қатысушыларға диплом, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сайысқа «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері, аудандағы әйел-аналар және жастар қатысты.

БӨЛІСУ