СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Сырдария ауданы тұрғындары белсенді түрде атсалысып келеді.

​Акция аясында ауданда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды:
​жалпы көлемі — 5 500 тонна қоқыс шығарылды;
​17 400 түп ағаш отырғызылды;
​27 800 түп гүл егілді;
​ұзындығы 70 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтар тазартылды (оның ішінде каналдар – 50 км, арықтар – 20 км).

​Аталған шаралар аудан аумағын абаттандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор үлес қосты.

​«Таза Қазақстан» акциясы Сырдария ауданында тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Бұл игі іс-шаралар табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған.

БӨЛІСУ