АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе — аудандағы діни экстремизм мен терроризм профилактикасын жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған әлеуметтік жобалардың тиімділігі туралы, екінші мәселе — жергілікті жерлерде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған профилактикалық шараларды жүзеге асыру туралы және үшінші мәселе — ақпараттық кеңістікте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қарсы насихаттық жұмыстарды күшейту шаралары туралы.

Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

БӨЛІСУ