Бүгін аудан бойынша Конго Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды. Іс-шараның басталуына аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев катысып, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі керектігін атап өтті.
Аудан бойынша 12 елді мекен қолайсыз аймақ болып белгіленген. Күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын «Сәтті түлік» ЖШС бекітілген кесте бойынша жүргізеді.
Қызылорда облысында 111 елді мекенде кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілуде.
Оның ішінде 8 ауыл облыс орталығы Қызылорда қаласына қарасты. Қолайсыз деп танылған аумақтарда арнайы мамандандырылған мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, биыл өңірде 185 адамды кене шаққан. Қуантары, олардың ешбірінен қауіпті вирус анықталған жоқ. Барлығы дәрігерлердің бақылауында болған.