ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Жаңа оқу жылына дайындық барысында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қайырымды жандар есебінен мектеп құрал-жабдықтары жинақталған сөмке таратылды. «Мектепке жол» республикалық акциясына Сырдария аудандық Отбасын қолдау орталығы өз үлесін қосып, балаларға қуаныш сыйлады.

Тамыз айының соңына дейін жалғасын табатын акция – мектеп оқушылары мен ата-аналарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Республикалық деңгейде ұйымдастырылып, жер-жерде қолдау тауып жатқан жобаға кәсіпкерлердің демеушілігімен біздің орталық та өз үлесін қосты. Барлығы 13 оқушыға мектепке қажетті заттар табысталды. Мектеп сөмкесінің ішінде дәптер, қаламнан бастап оқушыға керек-жарақтар қамтылды.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Осы орайда кәсіпкерлер мен меценаттарды дәстүрлі акцияға үлес қосуға шақыра отырып, игі бастамаға үн қосқан кәсіпкерлер «РИЗЫҚ» азық-түлік дүкені, «ТАЙҒАРА-АТА» құрылыс дүкені, «ШАХОН» автобөлшектер дүкені иелеріне алғысымызды білдіреміз!

БӨЛІСУ