БҰРЫНҒЫ СҮЙІКТІСІН БОПСАЛАҒАН ЖІГІТ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды.

Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды. БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағандай, күдікті 3 жыл бойы бұрынғы қызының фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен. Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 млн теңге берген.

«Бопсалау фактісі банктік аударым және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген. Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды», — делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БӨЛІСУ