САНАҚ АГРАРЛЫҚ САЯСАТҚА БАҒДАР

Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетіні бұған дейін хабарланған болатын. Санақ онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді.

Санақтың онлайн кезеңі ағымдағы жылдың 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізілуде. Бүгінде аймағымыздағы ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын шаруашылық құрылымдары, фермерлік, шаруа қожалықтары аталған сайт сауалнамадан өтуде.
Бұл санақ Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы бойынша мәліметтерді жинап, талдап, аграрлық саясатты тиімді жүргізуге негіз болатын маңызды статистикалық зерттеу болып табылады.
Осы ретте, ұлттық ауыл шаруашылығы санағының маңыздылығы туралы, оның ішінде санақ мерзімдері, кезеңдері, санақтың ерекшеліктері, қойылатын сауалдар, санаққа тартылатын мамандар, оларға қойылатын талаптар мен атрибуттары айтылып, тұрғындар тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар берілді.
Ақпараттандыру жұмыстарын кең көлемде жүргізу мақсатында аудан бойынша 23-ға жуық елді мекендерде 31 ақпараттық билбордтар мен 2 ЛЭД экран орнатылды.
Бейнероликтер мен ақпараттық материалдар кент және ауылдық округ әкімдері арқылы әрбір елді мекендерде ауыл тұрғындарының ватсап чаттарында таратылуда.
Ұлттық санақтан өтуді барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын барлық заңды тұлғалар, шаруа-фермер қожалықтары мен үй http://xn--sanaq-3veaa2h1bdwk1ee2cbd03m.gov.kz/ сайтына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп (ЭЦҚ), санақ парақтарын көрсетілген сауалдарға шынайы жауап беруі тиіс. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар деректерді жинаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сайтқа кірген сәтте респонденттер жүйеге тіркеліп, Электрондық цифрлық қолтаңба, QR-код немесе СМС хабарлама арқылы авторизациядан өтеді. Сауалнама парағына кірген кезде кейбір жолдарда мемлекеттік органдардың деректер базасында бар көрсеткіштер көрсетіледі. Осы жерде әрбір респондент ескеретін мәселе көрсетілген көрсеткіштерді сол күйі қалдыра алады немесе оларды өзгеріс енгізе алады. Респондент толтырылған деректерін сақтап қойып, үзілістен кейін сол сауалнаманы толтыруын жалғастыруына болады. Сауалнамадан өтіп болғаннан кейін респонденттің электрондық поштасына санақтан өткені туралы хабарлама түседі.
Респонденттер үшін санақтан онлайн түрде өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жергілікті әкім аппаратары мен аудандық статистика бөлімшелерінің ғимараттарында интернет байланысымен қамтамасыз етілген «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлермен шаруа-фермер қожалықтарыныңэкономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ОКЭД) бойынша қызметі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы немесе балық шаруашылығымен байланысты болса, санаққа қатысуға міндетті болып табылады.
Егер респонденттің сауалнама парағын толтыру кезінде қандай да сұрақтары туындаса, аталған сайтта арнайы әзірленген жасанды интеллект арқылы жауап беретін sanaq-Myrza виртуалды көмекшісі көмек бере алады.
Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Байланыс орталығы онлайн-сауалнама басталған кезеңнен бастап тәулік бойы, аптасына жеті күн қабылданады.
Екінші кезең – интервьюерлердің үй шаруашылықтарын жеке — жеке аралауы, ол 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді.
Санақ жүргізу үшін біз жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ барлық ниет білдірген азамат санатынан 31-ден астам азаматты интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз.
Интервьюер ретінде санаққа қатысқысы келетіндердің азаматтар біздің 1446 байланыс орталығына немесе @statgovkz_bot Telegram-ботына өтініш қалдыра алады.
Санақ барысында жинақталған мәліметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер бастапқы статистикалық деректерге жатады және міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынылады делінген.
Сонымен бірге, аталған заңның 8 бабы 1 тармағында «Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.» делінген.
Осыған орай, респонденттер тарапынан берілген ақпараттар Заңмен қорғалады және мемлекеттік кіріс органдарына және т.б органдарға берілмейтінін атап өту керек.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Шиелі ауданының статистика бөлімінің басшысы Қожамжарова Алтынкүл

 

БӨЛІСУ