ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Жамбыл облысы, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов бастаған делегация Шиелі ауданына арнайы іс-сапармен келді.
Іс-сапар аясында делегация мүшелері «Руханият» орталығы ғимаратының қызметімен танысып, оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын бұл заманауи мәдениет және қоғамдық кеңістік ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар ресурстық орталығы, ардагерлер мен аналар үйі, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жасауда.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Шиелі кентінде салынатын республикалық бюджеттен жобалық құны 363 млн теңгеніқұрайтын спорт комплексінің құрылысын бастауға
254 млн теңге және Бестам ауылындажобалық құны 461 млн теңгені құрайтын 150 орыңдық клубтың құрылысына 346 млнтеңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Шиелі кентінде 200 орындық «Оқушылар үйі» мен
50 орындық өнер мектебінің құрылысы жобасына облыстық бюджеттен 1 млрд 68 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, шамамен 80% аяқталды. (Мердігері – «СМП – Қызылорда» ЖШС).

Ы. Алтынсарин атындағы №219 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 384 млн 961 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Мердігер «СК и Монтаж-Строй» ЖШС).

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын қамтамасыз ету үшін Бәйгеқұм елді мекеніндегі көл жағалауында 200 орындық сауықтыру лагерінің жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) демеуші тарапынан әзірленуде.

​«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Шиелі кентінде 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимаратын салу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 2 млрд 323 млн теңге. Нысанды 2025 жылдың қыркүйек айында толық пайдалануға беру жоспарлануда. (Бас мердігер – «Дәнекер» ЖШС.)

​Шиелі ауданаралық ауруханасы базасында көп бейінді медициналық қызмет көлемін арттыру мақсатында МРТ құрылғысын орнатуға қосымша корпус салынды.

Оғани ҚР Үкіметінің резервтік қоры есебінен 733,2 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта ғимаратты жалпы құны 650 млн теңге болатын МРТ аппаратымен жарақтау Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жоспарлануда. Аппарат орнатылғаннан кейін нысан толық пайдалануға беріледі (Бас мердігер – «Дәнекер» ЖШС).

Нәтижесінде аудан тұрғындары үшін жоғары технологиялы диагностикалық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі айтарлықтай артады.

​Сонымен қатар, кенттегі «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуге 255 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. (Жоба мердігері – «Жабдықтау» ЖШС.)

​Шиелі кентінің шығыс аймақтарына инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезең аясында жол құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, жалпы сомасы 312,5 млн теңгегекелісімшарт жасалды. Аталған жұмысқа 2025 жылға аудандық бюджеттен
24,8 млн теңге қаржы қарастырылған.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков делегацияны жылы қарсы алып, қос аудан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайын сөз етті. Өзара тәжірибе алмасу мен серіктестікті арттыру бағытында пікірлер ортаға салынды.

БӨЛІСУ