АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері кеңінен талқыланды.

Жылу беру маусымына дайындық бойынша әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері толықтай тексерістен өткізіп, жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуы қажет екені ескертілді. Әсіресе, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің жылыту жүйелері бірінші кезекте дайын болуы тиіс.

Сонымен қатар, қатты отын қорын жасақтау, оны көмір қоймаларына уақытылы жеткізу және үлестіру мәселелері бойынша да нақты міндеттер жүктелді.

БӨЛІСУ