Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Жансейт және 21-бекет елді мекендерінде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті.
Жұмыс барысында аудан басшысы табиғи газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударып, мердігер мекемелер мен техникалық қадағалау өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ел игілігі үшін жасалып жатқан газ жүйесін тарту жұмыстарына ризашылықтарын жеткізді.
21-бекет елді мекені:
• Тапсырыс беруші: «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»
• Жеңімпаз мердігер: «Орда сервис-2020» ЖШС
• Шарт сомасы: 280,4 млн теңге
• Техникалық қадағалаушы: «АМАН-ЕР и К» ЖШС
Жансейт елді мекені:
• Тапсырыс беруші: «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»
• Жеңімпаз мердігер: «Аксар Строй» ЖШС
• Шарт сомасы: 176,0 млн теңге
• Техникалық қадағалаушы: «АМАН-ЕР и К» ЖШС
Қазіргі таңда Шиелі ауданы бойынша елді мекендерді газдандыру үлесі халық санына шаққанда 79,7%-ды құрайды.
Газдандыру жұмыстары аудан халқының тұрмыс сапасын арттыруға және ауылдарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға өз үлесін қосатын болады.