Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазалы ауданы бойынша полиция бөлімінің және Әйтеке би кенті әкімдігінің қызметкерлері Әйтеке би кентінде салықтан қордаланған берешегі бар жеке тұлғаларға қатысты үй-жайларды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы естеріңізге салады, 2024 жыл үшін көлік құралдарына салық төлеу 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
Кешіккен тұлғаларға хабарлама қалыптастырылды. Алдағы уақытта салық бұйрығы шығарылып, жеке сот орындаушыларға жолданады. Жеке сот орындаушылар тарапынан заңдылықтар аясында мәжбүрлеп орындату шаралары, оның ішінде мүлкін тәркілеу, жүргізу құқығын уақытша шектеу, банк есеп-шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату және т.б қатаң шаралар атқарылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.