Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған кентінінің «Жаңа ауыл» мөлтек ауданындағы көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу және көшелерді жөндеу жұмыстарын тексеріп, қадағалады.
Аталған мөлтек аудандағы 4 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі уақытта
2 көшедегі жарықтандыру жұмыстары аяқталуда. Қалған екі көше де алдағы аптада аяқталып, іске қосылатын болады.
Сондай-ақ, осы мөлтек аудан тұрғындарының сұранысына сай жаяу жүргіншілер жолы мен Б. Ысқақов көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы кент әкіміне және мердігер мекеме басшыларына жұмыстарды сапалы етіп жасауды және мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.
Бұл жұмыстар көшенің келбетін жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр.