АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданның зиялы қауым өкілдерімен бірге Ақжарма ауылындағы №130 орта мектеп алдындағы кемеңгер ақынның ескеркішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара барысында дана ақынның рухына тағзым етілді. Мектеп ішінде арнайы бұрыш жасақталып, шығармашылығы дәріптелді.

Кемеңгер ойшыл құндылықтары арқылы әлем жұрты қазақты таныды. Ақын даналықтары кейінгі толқынға мол азық. Абайды бір күн емес, әр күні оқып-тоқу, біліп-тану – парызымыз.

БӨЛІСУ