ОБЛЫС ӘКІМІ ГРАНТЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жанадиловтың төрағалығымен өткен облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру Кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес өңірге қажет мамандықтар бойынша 2025 жылға Қазалы ауданына 9 грант бөлінген.

Атап айтқанда:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне:
— Азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы -1;
— Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1;
— Агрономия -1;
— Су ресустарын басқару -1;
— Жерге орналастыру-1;
— Дәстүрлі музыка өнері -1;
— Құрылыс (құрылысшы, инженер құрылысшы, жобалаушы инженер)-1;
— Электр энергетикасы -1;
C.Д.Асфендияров атындағы медицина университетінің Жалпы медицина мамандығына 1 грант бөлінген.
Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балалар; көп балалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.
Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін, ҰБТ-дан мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған халықтың осал топтарындағы мектеп бітіруші балалардан «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 5-шы тамызынан бастап 15-ші тамызына дейін құжаттар қабылданады.

Мекен — жайы: Әйтеке би кенті, Төремұрат жырау көшесі №7.
Тел: 8(72438)26-0-15

БӨЛІСУ