МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай М.Шоқай атындағы орталық алаңындағы «Достық аллеясында» жастарға арналған кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.

Бұл бастаманың мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кең көлемде ақпарат беру және олардың өмірлік бағыт-бағдарын анықтауға қолдау көрсету.

Шара аясында салалық мекемелердің мамандары жастарға:
– жұмыспен қамту,
– кәсіпкерлік бастамаларды қолдау,
– әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік гранттарға қатысу мүмкіндіктері туралы жан-жақты кеңес берді.

Бұл – тек ақпараттық емес, жастар болашағына салынған нақты инвестиция!

БӨЛІСУ