ӨҢІРДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ТҮЙІТКІЛДЕРІ ҚОЗҒАЛДЫ

Бүгін басқарма басшысы Дәурен Тұрғанбайұлы партияның облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында өңір тұрғындары тарапынан кәсіпкерлік саласын дамыту жөнінде сұрақ қойылды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тәртібі және әлеуметтік көмек алу бағытындағы мәселелер де көтерілді.

Осы орайда, басқарма басшысы кәсіпкерлік саласында қолдауға мұқтаж азаматтарға қолжетімді бағдарламалар туралы кеңес беріп, кәсіпкердің бастамасына қарай нақты көмектер көрсетілетінін жеткізді. Атап айтқанда, “Қарызсыз қоғам”, “Ауыл аманаты” сынды жобалар аясында ұсынылатын мүмкіндіктер мен талаптар түсіндірілді.

Әлеуметтік көмек сұрап келген азаматтардың бірқатарына мүмкін болған деңгейде сол сәтте қолдау көрсетілді. Қалған өтініштер басқарма тарапынан жеке қаралып, алдағы уақытта шешім қабылдау үшін тиісті шаралар қабылданатын болады. Басқарма басшысы барлық мәселе назарда ұсталып, көмек көрсетуге барынша күш салынатынын айтты.

Қоғамдық қабылдау тұрғындармен кері байланыс орнатуға, нақты сұрақтарға жауап алуға және өзекті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік берді.

БӨЛІСУ