Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығы саласына негізделген. Сондықтан, макроэкономикалық көрсеткіштерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге байланысты.
2025 жылы ауданда 25 654 гектар егіс егілді. Оның ішінде: 13 097 гектар – күріш, 1000 гектар – жаздық бидай, 1200 гектар– мақсары, 2 гектар — күнбағыс, 8950 гектар – жоңышқа, 39 гектар – сүрлем жүгері, 56 гектар– судан шөбі, 1180 гектар – картоп, көкөніс, бақша дақылдары.
2025 жылы Қармақшы ауданы бойынша су лимиті 509 млн.м3 болса, бүгінгі уақытқа дейін 329 млн.м3 су егістікке алынып, су лимитінің 65,0 пайызы пайдаланылды.
Судың деңгейі былтырғыдан аз болуына байланысты су тапшылығын алдын алу мақсатында аудандар бойынша кезектілік кестесі жасалып,бекітілді.
2025 жылы Шардара су қоймасында судың аз көлемде жиналғанына байланысты 2024 жылмен салыстырғанда 1670 млн.м3 төмен.
Кезектілік кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 09-15 шілде аралығында Қармақшы және Жалағаш аудандарында 55,3 м3/сек су алу керек болса, нақты 49,2 м3/сек су алынды (жоспардан 6,1 м3/сек кем).
Егіншілікті қажетті сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында биылғы жылы республикалық бюджеттен 27,0 млн.теңгеқаржы қаралып, Қуаңдария ауылдық округі аумағында орналасқан (15 шақырым ұзындығы)«Таңатар» каналын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.
Аудан бойынша 2025 жылдың қантар-шілде айларында 37 725 бас мүйізді ірі қара, 65 548 бас қой мен ешкі, 19 339 басжылқы, 4 587 бас түйе, 23 137 бас құс тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 132,2пайызға, қой мен ешкі 108,4 пайызға, жылқы 106,6 пайызға, түйе 101,5 пайызға, үй құстары 111 пайызға көбейді.