Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік бөлімі бірлесіп, аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарын аралап, санитариялық талаптардың сақталуын тексерді.
Бақылау барысында асханалар мен дәмханаларда тағам дайындау, сақтау, қызмет көрсету барысындағы гигиеналық талаптардың орындалуы, азық-түліктің жарамдылық мерзімі, қызметкерлердің жеке бас гигиенасы және тазалық деңгейі назарға алынды. Сонымен қатар, кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша ескерту жасалды.
Аталған шаралар халықтың денсаулығын қорғау, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.