БАҚ өкілдері «Шалқия тас» ЖШС-нің бастамасымен жүзеге асып жатқан асфальт шығару зауытының құрылысына барды. Аталған жоба жыл аяғына дейін іске қосылады. Жоба аясында дайын асфальт өнімдері шығарылмақ.
Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 88 пайызы аяқталған.
Жоба бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Мемлекеттік қолдау аясында зауытқа 6 гектар жер телімі берілді. Жоба құны — 700 миллион теңге. Жоба іске қосылған жағдайда 10 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жобаның құрылтайшысы — «Engineering & Construction Company» («ЕСС») ЖШС, компания басшысы Ашимов Талғат Әзімханұлы.