АРТАЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖОСПАРЛЫ ӘРІ ДҰРЫС БАҒЫТТАУ КЕРЕК

Мемлекеттен бөлінген қаржыны тиімді игеру – басты міндет. Алайда, мақсатсыз жұмсалған қаржы саланы дамытуға кері әсерін тигізері сөзсіз. Жиында қозғалған ең өзекті мәселенің бірі де бөлінген қаржыны жоспарсыз жұмсаған мекемелерге қатысты болды. Зерделеу барысында 10-нан аса мекеменің алты ай ішінде жылдық қаржының 75 пайыздан жоғары жоспарсыз жұмсағаны анықталды.

Осыған байланысты басқарма басшысы аталған мектеп директорларына қатаң сөгіс беріп, осы уақытқа дейін бюджет қаражатын игеруде осалдық танытқандардың жұмысы одан әрі зерделенетінін жеткізді. Тексеру барысында мемлекеттен бөлінген қаржы көлемі мақсатсыз пайдаланғаны дәлелденетін болса мекеме басшысына, бас есепшісіне және сол спорт түрі бойынша бапкеріне шешім қабылданатынын жеткізді.

-Барлық мекеме басшыларына бюджет қаражатын орнымен, тиімді игеруді тапсырамын. Бұл кезге дейінде сіздерге қаржының 70 пайызын олимпиадалық, 30 пайызын ұлттық спортқа және олимпиадалық емес спорт түрлеріне бағыттауды тапсырған болатынмын. Қаржыны спорт түрлеріне бағыттау кезінде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беруді қатаң тапсырамын. Сіздердің нәтижелеріңіз осы олимпиадалық спорт түрлерінен көрсеткен көрсеткіштеріңізге байланысты есептелінетін болады, — деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.

Сондай-ақ, жиын соңында тамыз айында өтетін ауқымды спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу туралы айтылды.

Атап айтсақ, 5-13 тамыз аралығында “Үстел теннисі” орталығында ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Велорий Пактың жүлдесіне арналған халықаралық турнир, 15 тамыз күні «Спорт күні», 16-25 тамыз 2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ҚР чемпионаты, 18-22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында ауыл спортшыларының «Алтын күз-2025» облыстық спарткаиадасы мен «Ақ бидай» республикалық спарткаиадасына іріктеу жарысы, 20-23 тамыз аралығында мемлекет және қоғам қайраткері Сапарбаев Бердібек Машбекұлын еске алуға арналған футболдан республикалық турнир және 27-30 тамыз аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық спартакиада өтеді.
Өз кезегінде басқарма басшысы жоғарыда аталған іс-шаралардың ауқымдылығын ескере отырып, дайындық жұмыстарын осы бастан жүргізуді тапсырды.

БӨЛІСУ