Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, өңірде бұқаралық спортты дамыту және облыс тұрғындарының дене шынықтырумен тұрақты айналысуын қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі спорттық инфрақұрылымдарды жаңғырту мәселелері басты назарға қойылды.
Осыған сәйкес, Қызылорда қаласындағы жеке кәсіпкерлердің теңгеріміндегі спорт алаңдары облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты спорт мектептерінің бөлінісіне беріліп, жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Бөлініске сәйкес, басқармаға қарасты №2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Бәйтерек» және «Күрес 2020» жалпы білім беру мекемесінің теңгеріміндегі сондай-ақ, Қызылорда бокс клубы «Зияткер» жалпы білім беру мекемесінің теңгеріміндегі спорт алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қайта жаңғыртудан өткізді.
Атап айтқанда, аталмыш мектептің қызметкерлері спорт алаңдарын қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртып, әрлеу, тазалау, бүлінген аумағын ретке келтіру, спорт алаңдарының аумағын қоқыстардан тазарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, көгалдандыру сынды жұмыстарды атқарды.
Жеке кәсіпкер теңгеріміндегі спорт алаңдарын жаңғырту жұмыстары бөлініске сәйкес әрі қарай жалғасатын болады.