Ақмая ауылында этносаралық татулықты сақтау мақсатында кездесу өтті.
Бүгін Ақмая ауылдық Мәдениет үйінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен өңірдегі этносаралық қатынастар мәселелері бойынша кеңес отырысының хаттамасына сәйкес, Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында тұрмыстық сипаттағы кикілжіңдердің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді.
Аталған шараға Шиелі аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев, қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Гүлжанат Сейітова, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, кәсіпкер Патима Махамбет, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет, Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Самал Абызбаева, ауыл ақсақалдары мен этнос өкілдері, мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуде этностардың тұрмыстық жағдайы, өзара қарым-қатынасы, қоғамдағы толеранттылықты сақтау, этнос, тіл, дін және басқа да ерекшеліктерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Ақмая ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Садуақас Пірімбетов ауылда тұратын этнос өкілдерінің арасында ешқандай кикілжіңдердің жоқ екенін атап өтті. Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, естелік суретке түсті.