Судағы қауіпсіздікті сақтаудағы рейдтік жұмыстар жалғасуда.
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 19 маусымы күні шомылу маусымында балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Рейд жұмыстарының мақсаты шомылуға тыйым салынған жерлерге бақылау жүргізу, ата‑аналарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда кент, ауылдық аймақтарда 72 рейд жұмыстары өткізілсе, оған 117 білім қызметкерлері тартылған.
Түсіндіру жұмыстары мен алдын алу бағытында ата‑аналар мен жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілсе, белгі қойылған жерде шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау және т.б. ақпараттар берілді.
Рейд барысында тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылып, ата‑аналар мен жергілікті тұрғындар арасында хабардарлық деңгейі артты.
Бұл рейд жұмыстары балалардың судағы қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырылған кешенді шаралар болса, білім беру, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде — қауіпті аймақтарда бақылау және ақпараттық жұмыстар күшейтіліп жүргізілуде.
Осындай іс-шаралар алдағы уақыттада өткізілсе, ата-аналар мен балалар арасында ақпараттық науқандарды кеңейту, балалардың қауіпсіздігіне қоғамның барлық мүшелерінің қатысуы өзекті күйінде екендігі байқалды.