Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм ауылдық округіндегі халық көп жиналатын тынығу орны – «Ханқожа» көліңде, арнайы жұмысшы топ тарапынан кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында көл маңының санитариялық жағдайы, су айдынының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі зерделенді. Демалушыларға суға шомылу ережелерін сақтау, су жанындағы тәртіпті бұзбау, балаларды қараусыз қалдырмау сынды маңызды кеңестер берілді.
Түсіндірме жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметкерлері, полиция өкілдері, медицина қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган мамандары тартылды. Сонымен қатар, демалушыларға судағы қауіпсіздік бойынша жадынамалар таратылды.
Аудан әкімдігі жазғы маусымдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бұл шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.