Бүгінгі күні, қала аумағында комиссия шешімімен нақтыланған 1279 көше бар. Оның ішінде, қалада 830 көше және қалаға қарасты ауылдық округтерде 449 көше.
Қызылорда қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін атау және қайта атау беру бойынша 2022-2025 жылдар аралығында тиісті заңдылықтарға сәйкес қаралып, қолдауын тапқан 4 ұсыныс, ҰОС-ның 80 жылдығына орай қаладан 31 ұсыныс және «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген 7 ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.
Ендігі кезекте, ҰОС-ның 80 жылдығына орай қалаға қарасты ауылдық округіндегі 17 ардагердің есімдері тиісті заңдылықтарға сәйкес рәсімделуде. (Ақпарат ретінде Қызылорда қаласы бойынша Қолдау тапқан ардагерлер саны – 31, Қызылжарма а/о – 9, Талсуат а/о -4, Ақсуат а/о – 3, Ақжарма а/о – 1.)
Сонымен қатар, республикалық ономастикалық комиссиясымен бекітілген көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі ұсынымға сәйкес қала аумағындағы көшелерге жаңадан көше тақтайшаларын (талапқа сәйкес QR-код қосымшасымен) ауыстырып, жаңалау мақсатында қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданып, бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық оругіндегі идеологиялық тұрғыда ескірген атаулардың барлығына «Тарихи тұлғалар» мен «Жер су» атаулар берілді.
Бөлім қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар бойынша «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңдарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат құралдарында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабының және «Жарнама туралы» Заңының 6-бабының сақталмауы жиі кездеседі.
Заңнамада белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жөнсіз жарнамаларды болдырмау туралы меншік иелерімен ауызша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жазбаша хат арқылы ескертпелер беріліп келеді.
Бөлім тарапынан мекемелерге, кәсіп иелеріне жазбаша ескерту хаттар мен маңдайша жазулар, басқа да көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема-үлгісі таратылуда.
2025 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 21-тармағының талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында қала орталығындағы жарнамаларды аралау барысында 89 (оның ішінде ІІ тоқсанға 48 нысанға) нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан мейрамханалар мен жылдам әзірленетін дәмханалардың ас мәзірлерін қазақ тілінде жазу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бүгінде 89,9 пайызға жуық ас мәзірлері қазақ тіліне көшірілді.