Баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жыл басынан бастап 4652 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде 1123 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
— Жалпы, бөлім арқылы 16 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 13-і әлеуметтік төлемдер. Мәселен, бүгінде 2893 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ай сайын төленуде. Сондай-ақ, жекелеген санаттағы азаматтар бойынша 1923 адамға әлеуметтік көмек төленді, – деді Кенжегүл Құрақбайқызы.
Айта кету керек, 186 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қартқа, 270 мүгедектігі бар балаға, 82 белгілі тұрғылықты жері жоқ адамға, күндізгі жартылай стационарлық жағдайда 276 ардагерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ішінен 359 адамға құқықтық, психологиялық көмектер көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында да арнайы компьютерлік орталық және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызметтері ұйымдастырылуда.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 151301 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайыз, облыста – 4,8 пайыз.
01.07.2025 жылға 4652 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1123-і тұрақты жұмыс орны.
2025 жылдың 1 шілдесіне қалалық Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан азаматтардың саны 13510, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 4661, тұрақты жұмысқа орналасқаны –925, яғни жұмысқа орналасқандар қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі19,8 пайызды құрады.
Есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны –6893, уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздық деңгейі–4,6 пайызды (2024 жылдың қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны – 151301 адам) құрады.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША:
Жалпы бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Бүгінде бөлім арқылы 16 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның 13-і әлеуметтік төлемдер, 2-уі әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қоғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және 1-і еңбекші көші-қон бағытында.
01.07.2025 жылға барлығы 14 980, оның ішінде мемлекеттік мекеме арқылы 446, мемлекеттік корпорация арқылы 10056, электронды үкімет порталы арқылы 4478 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Яғни, көрсетілген қызметтердің басым бөлігі «Электронды үкімет порталы» арқылы қабылдануда.
Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін әлеуметтік төлемдер төленуде, атап айтқанда:
2893 отбасыға(14989 адамына) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Сонымен қатар, 1-6 жас аралығындағы 2374отбасының 4518 баласына қосымша төлем (1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде);
— Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6-18 жас аралығындағы балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың 4240 баласына жолда жүру ақысына төленді.
319 отбасына (887 адамына) тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.
ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ АЗАМАТТАР БОЙЫНША:
— «Құрмет» атағы бар 4 азаматқа;
— Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке 3отбасына;
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медальімен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлеріне, ҰОС жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 80 жылдығына қалалық бюджеттен 569адамға;
— Ауған соғысының, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға, Ирактағы халықаралық бітімгершілікке, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысқа қатысушыларына және Ауған, Чернобыль, Совет Армиясының мүгедектеріне және Семей апатынан зардап шеккен азаматтарына,ЧАЭС апатынан қайтыс болғандардың жесірлеріне бір жолғы әлеуметтік көмекке 944 адамға;
— Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілген әлеуметтік көмекке 306 адамға;
— Лейкоз ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек 25 адамға;
— АИТВ-инфекция диагнозы бар диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына берілетін әлеуметтік төлем 2 балаға;
— — Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 70 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
Қызылорда облысы бойынша 10 000 еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруге квота бекітілген. Есептік кезеңде еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша 9188 мемлекеттік қызметі көрсетілді (оның 7600 — рұқсат берілді, 1076— ұзартылды, 512-кері қайтарылды).
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША:
— Жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне1178 жеке көмекшінің қызметіне;
— 195 есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманының қызметіне;
— Мүгедектігі бар адамдарды «Инватакси» (26такси) қызметімен қамтамасыз етуге;
— 521 үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар балаға материалдық көмекке;
—4329 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдар мен техникалық-компенсаторлық құралдар сатып алу үшін;
— Санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін 16 адамғаәлеуметтік көмек төленді.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардамемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру мақсатында:
— халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын, яғни 225 адам кешенді ыстық тамақпен қамтамасызетілуде;
— мүгедектігі бар адамдарға арналған компьютерлік орталық және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызметтері ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, 01.07.2025 жылға қаладағы ардагерлер мен мүгедек жандарға стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында:
— №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына («Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне») 100 орындық күндізгі болу жартылай стационарлық бөлімшеге 300 адамға;
— Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 333 адамға;
— №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 22 адам тұрақты мемлекеттік қамтамасыз етілуге жолданды.
— Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығынауақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 39 адамға жолдама берілді.
— Жыл басынан Талсуат елді мекеніндегі «Оңалту орталығы»КММ 346 адам (229 мүгедектігі бар адам, 117 зейнеткер) және «№2 Арнаулы қызмет көрсету орталығына» күндізгі қызмет алуға 16 және тұрақты қызмет алуға 18 неврологиялық сырқаты бар адам жолданды.
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» жанынан ашылған оңалту және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығына 21 мүгедектігі бар бала;
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының» тұрақты бөліміне 4 және күндізгі қызмет алуға 7 мүгедектігі бар бала жолданды.
Сонымен қатар, бөлімге қарасты бөлімшелер мен орталықтарда қызмет алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту жөніндегі іс шараларды, жасына, жағдайына, олардың денсаулықтарына қарай, жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтер8 бағытта көрсетілуде