«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ – 2025» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНДА «ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ КОМПАНИЯСЫ» ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бұл жетістік – сапалы өнім, заманауи технология және үздіксіз еңбектің нақты нәтижесі. Жоғары кәсібилік, ұйымшыл ұжым және жауапкершілікпен атқарылған істің жарқын көрінісі.

 Осындай ірі жетістіктер – тек бір компанияның ғана емес, бүкіл Шиелі ауданының абыройы. Бұл жеңіс өңіріміздегі өндіріс саласының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» сияқты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың табысы – ел экономикасының тұрақты дамуына және аймақтық өндірістің өрлеуіне зор үлес қосады.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ