ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАРБЫЗЫ ПІСТІ

Жайылманың қарбызы тіл үйірер дәмімен ерекше. Уылжып піскен өнімнің дәмін татқандар қайта айналып келетіні де сондықтан.
Жайылма ауылдық округіне қарасты «Шоқымазар» шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Құрамында 21 отбасы бар шаруашылықтың жалпы жер көлемі — 492 гектар. Оның 124 гектары егістік жер. Биыл «Шоқымазар» шаруашылығы 30 гектар жерге бақша өнімдерін, 28 гектарға жоңышқа, 4 гектарға дәндік жүгері еккен.
Бақша өнімдері пісіп сатылымға шығара бастады. Қарбыздың алды 22-24 кило салмақты беріп тұр. Сұранысы жоғары өнім қолдан қолға тимей өтіп кетіп жатыр.

БӨЛІСУ