ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті салалық басқарма басшылары, күн тәртібіне қатысы бар бірқатар мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, зум платформасы арқылы барлық аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша.
1. «Экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы Қызылорда қаласы мен аудандарда атқарылып жатқан көгалдандыру жұмыстарының жағдайы туралы» «Ауылшаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия» төрағасы Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлының баяндамасы тыңдалып талқыланды.
«Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жасыл қор мен қаланы абаттандыру объектілерін құру және күтіп ұстау жұмыстары үшін алты жыл мерзімге – 18 624 604,8 мың теңге бөлінуде. Бұл жұмыстар бойынша атқарылған нәтижелі жұмыстармен қатар кемшіліктерде де атап көрсетіліп, жою шаралары ұсынылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе:
2. Құрылыс саласы бойынша «мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» ұсыныстар туралы, «Инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия» төрағасы — Сыздық Пірмұхаммед Айтбайұлы баяндама жасады.
Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу қағидаларындаағы талап бойынша жұмыс тәжірибесі төмен әлеуетті өнім берушілерге жеңімпаз атануына мүмкіндік берілмей отыр. Сол сияқты өнім берушінің өтінімін қарау мәселесі кезінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уәкілетті органның, қазынашылықпен келісу мерзімдері бойынша мүмкіндіктері шектелуде. Осы мәселелер бойынша ұсынымдар нақтыланып берілді.
Ұйымдастыру мәселелері қаралып:
1. Қоғамдық Кеңестің мүшесі Шәкизат Қаратайұлының басқа жаққа қызмет бабымен ауысып қоныс аударуына байланысты кеңес мүшелігінен босатуды сұраған арызы түскен болатын. Арызы қанағаттандырылып, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, орнына резервтік тізімнен Байтөреев Олжас Сапарбекұлы Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2. Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлының кандидатурасы мақұлданып, Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесінің хатшысы болып сайланды.
Қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар облыс әкімдігі мен тиісті мекемелерге жолданатын болады. Сол сияқты қаралатын мәселе бойынша Қоғамдық кеңес отырысына шақырылып, бірақ қатыспаған жауапты басшылардың тәртібін қарау облыс әкіміне ұсынылды.

БӨЛІСУ