26016 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

Қазіргі таңда қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың    5 дара  тізімдері бойынша 26016 отбасы кезекте тұр.
Оның ішінде:

Санаты

Кезекте тұрғандар саны

1

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында;

1299

2

Көпбалалы отбасылар

5743

3

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында

9724

4

мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері

8633

5

жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар

617

       Бүгінгі таңда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен жеке тұлғаларға бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді.

•

2025  жылдың 5 айында барлығы — 1466 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Мемлекеттік қызмет түрі

Көрсетілетін орны, 11 айда көрсетілген қызметтер саны

1

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың  тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1088

(www.kezekte.kz SHANYRAQ веб-порталы арқылы толық автоматтандырылған)

2

«Тұрғын үй сертификаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілген қызмет

Көрсетілмеген

(ХҚКО арқылы қағаз түрінде)

3

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді
жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

368 қызмет көрсетілді

(www.gosreestr.kz сайтына тіркеліп, жекешелендіру процесі толықтай автоматтандырылған)

4

Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу

5

ГБД ЕЛ, толықтай автоматтандырылған

5

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару

5 қызмет көрсетілді

(ГБД ЕЛ, толықтай автоматтандырылған)

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің  бір түрі, ол «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Аталған қызмет түрі                                       «E-QAZYNA» порталынында ЭЦҚ қол қою арқылы электронды форматта жүзеге асырылады.

2024 жылдың 24 қарашасында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабына  өзгерістер енгізіліп, осыған дейін мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жекешелендіру құқығынсыз берілген тұрғынжайларды жекешелендiруге құқық берілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  берілген тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары» аясында  жекешелендіріледі.  

       Заң күшіне енген уақыттан бастап  қаңтар -наурыз айлары аралығында  , 368  азаматтан  тұрғынжайды жекешелендіруге өтініші түсіп, бүгінгі күнге  268 азаматтың өтініші қанағаттандырылып,  жекешелендіру келісім шарттары рәсімделді.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметінде жүзеге асырылды.

​ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына  2024 жылдың      24 қарашасында енгізілген өзгерістерге сәйкес,  2025 жылдың 24 мамырынан бастап, тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі —Отбасы банк—  Қазақстан Республикасының азаматтарын  тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюды жүргізетін болады.

        Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ел тілегі» республикалық тәуелсіз ақпараттық, танымдық, қоғамдық-саяси газетінің 2023 жылғы 29 наурыздағы басылымында,  2024 жылдың 28 наурызында «Ақмешіт Ақшамы» газетінің №13 басылымында тұрғын үй алу кезегінде тұрған 26 мың азаматтың тізімі жарияланып,  халыққа таратылды.

        ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азамататрдың тізімін баспасөзге жариялау үшін,    мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен ИП «Ерисов Ю.А.»  жеңімпаз деп танылып, 2025 жылдың наурыз айынды кезектілік тізімі баспасөзге жарияланды.

Сонымен қатар, халық   арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында 20.03.2025 жылы әлеуметтік желілерде: gorda.kz сайтына, www.facebook.com.,  Open Qyzylorda. Қызылорда Пресс, Жаңа Қызылорда, инстаграмда түсіндірме  мақалалар жарияланды.

Қызылорда халқын  алданбауға шақырып,  нақты ақпаратты тұрғын үй инспекциясынан алу үшін «Ақмешіт ақшамы» газетінің  27.03.2025 жылғы №12 басылымына  түсіндірме мақала жарияланды.

Автоматтандырылған режимде кезекте  тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне 2024-2025 жж жүргізілген түгендеу жұмыстары бойынша

Кезектен

шығарылғандар

Оның ішінде

меншігіне тұрғын үй тіркелген/шығарылған.

басқа қалаға мекенжайы ауысқан

жеңілдігі жойылған

4714 азамат

4154

360

200

2024-2025 ж.ж. арендалық тұрғынжайлардан түсетін  арендалық    

                     төлемдер бойынша ақпарат

Жылдар

Үй/пәтер саны

Төлейтін сомасы, млн тг

Түскен сома, млн тг.

Орындалуы, пайыз

2017-2024 жылдар аралығында сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілген арендалық үйлер

58 көппәтерлі арендалық үй үй/3125 пәтер

171,1

2024 ж. түскен сома- 175,8 млн тг

104,5 пайыз

2025ж  6 айында түскен сома-188,6млн тг

110 пайыз

2024 жылы бері кезектете тұрған  осал топтар, жетім балалар, көп балалы отбасылары жалпы  933 пәтерге қоныстанды.

•

Мекен жайы

Санаты

Пәтер саны

Тасбөгет кенті, Рахмет жырау көшесі, №5 үй

Арендалық  үй  әлеуметтік осал топтары мен жетім балаларға

38 пәтер

Тасбөгет кенті, Амангелді Иманов көшесі, №22 үй

    Арендалық  үй  әлеуметтік осал топтары мен жетім балаларға

135 пәтер

Жаппасбай батыр көшесі, 76К, 72Л,78Б, 70Ф

Арендалық  үй  әлеуметтік осал топтары мен жетім балаларға

380 пәтер

Тасбөгет кенті, Бозғұлов көшесі, №15 үй, №17 үй

Арендалық  үй  әлеуметтік осал топтары мен жетім балаларға

150 пәтер

Сол Жағалау тұрғын ауданы,4-квартал

Арендалық  үй  әлеуметтік осал топтары мен жетім балаларға

150 пәтер

Сол Жағалау тұрғын аудан  5-квартал ,№7,11 үйлер

Көп балалы отбасыларына

80 пәтер

Барлығы 2024 жылы пайдалануға берілгені

933 пәтер

2025 жылы 1 тоқсанында  пайдалануға берілген тұрғын үйлер туралы ақпарат

 

Орналасқан жері

Санаты

Қанша  үй/пәтер

1

Жаппасбай батыр көшесі, 60 пәтерлік үй

Арендалық  үй  әлеуметтік осал топтары мен жетім балаларға (20 пайызы)

60 пәтер –оның 22 пайызы, яғни  13 пәтері жетім балаларға табысталды

2

Титов қыстағы Жетікөл көшесі,

Апаттық  үй тұрғындарына

135 пәтер

Барлығы 2025 жылы пайдалануға берілгені

195  пәтер

• 2025  жылы 1240 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына,  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобына және 135 пәтер авариялық кезекте тұрған отбасыларға пәтер сатып алынады деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Отбасы банк» АҚ арқылы Тұрғын үй-коммуналдық  инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жылдық пайыз  2-5 мөлшерлемесі бойынша несиеге кезекте тұрған  азаматтарға  470 пәтер пайдалануға берілді.

Сырдария өзенінің сол жағалауында 7 қабатты 84 пәтерлі ипотекалық 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, ипотекалық үйлер пайдалануға берілуде.

Сонымен қатар осал топтағы отбасыларына 200 пәтер және 135 пәтер жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға сатып алуға қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 79 пәтер осал топқа сатып алынды.

Жоғарыда аталып өткен бөлім тарапынан  көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің бірі ол «Тұрғын үй сертификаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілген қызметі.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 20.06.2019 жылғы №417 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй сертификаттарын беру туралы Қағидаларына сәйкес,  мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде ұсынады.

Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Осы орайда, Бөлім тарапынан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына алдағы жылға тұрғын үй сертификаттарын беру мақсатында бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндіктерін   қарастыру үшін Қызылорда облысының энергетика  және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасына хат жолданып, бюджеттік өтінім берілді.

БӨЛІСУ