Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтар-наурыз айында
132 719 654 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 88,4% құрады.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 95 457 567 млн теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 83,2% құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 22 002 168 млн теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,8 % құрады. Оның ішінде:
Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 379 875 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 178,3% орындалды. Оның ішінде,киім өндіру 274 421 млн теңгені өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 232,3%, тоқыма бұйымдарын өндіру 98 921 млн теңгені немесе 85,8% құрап отыр.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 2 026 733 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 153% құрады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 245 964 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 166,7% құрап отыр.
Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 646 975 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 211,3 % орындалып отыр.
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 3 197 190 млн теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 92,6% құрап отыр.
Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 7 976 908 млн теңгенің өнімі өндіріліп немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 133,5% орындалып отыр.