КЕДЕРГІСІЗ ҚОҒАМ

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 43,7 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.

2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

— әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

— МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

— мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

— көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Қызылорда қаласы бойынша тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар күндізгі стационар жағдайында 35 мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 37 273,0 мың теңге;

— Үйде қызмет көрсету жағдайында 20 мүгедектігі бар балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 8 580,0 мың теңге бөлінді;

— Мүгедектігі бар адамдарға арналған компьютерлік орталық ұйымдастыруға 5 580,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алулар нәтижесімен «Жігер» ҚБ-мен 5022,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып,
571,7 мың теңге игерілді.

— «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызметін ұйымдастыруға 12 089,0 мың теңге бөлініп, 846,2 мың теңге игерілді («Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ).

Жыл басынан Талсуат елді мекеніндегі «Оңалту орталығы» КММ 197 адам (139 мүгедектігі бар адам, 58зейнеткер) жолданды және «№2 Арнаулы қызмет көрсету орталығына» күндізгі қызмет алуға 8 және тұрақты қызмет алуға
4 неврологиялық сырқаты бар адам жолданды.

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» жанынан ашылған оңалту және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығына 5 мүгедектігі бар бала жолданды.

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығына» тұрақты бөліміне 4 мүгедектігі бар балалар жолданды.

БӨЛІСУ