855,9 ОТБАСЫ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛДЫ

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы жалпы сомасы 253,4 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 613,7 мың отбасы 221 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242,2 мың адам 32,4 млрд теңгеге қамтылды.

2025 жылдың мамыр айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 865,3 мың отбасы жалпы сомасы 51,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 622,3 мың отбасы 45 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
— «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
— «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 4 618 469,0 мың теңге бөлініп, 2869 отбасына (14 863адамына) 855 774,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 2774 отбасы (14362 адамына)663 491,5 мың теңге төленді.

Оның ішінде:

— шартты әлеуметтік көмек 1990 отбасына (11036адамына) 537989,6 мың теңге тағайындалып, 1782 отбасы (9932 адамына ) 340181,1 мың теңге төленді.

-шартсыз әлеуметтік көмек 850 отбасына (3632адамына) 286 958,9 мың теңге тағайындалып, 835 отбасы (3581 адамына) 226 686,2 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 7353 балаға қосымша төлемге (1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) 358 447,0 мың теңге бөлініп, 2118 отбасының 4360 баласына87573,0 мың теңге төленді.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың 5100 баласына жолда жүру ақысына 160 426,0 мың теңге бөлініп, 4140 балаға 53 033,7 мың теңге қаржы төленді.

БӨЛІСУ