ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Саламат Қалжанов Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді.
Семинарда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау және жою мақсатында болған жиналыс негізде мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қабылдануда:
— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;
— Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау;
— мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу;
— кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну;
— ақпараттық түсіндірушілік іс-әрекеттер;
— мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын түсіндіруге бағытталған мемлекеттік биліктің басқа органдарымен бірлескен іс-шаралар;
Жоғарыда аталған шаралар тек ақпараттық-ағартушылық сипатта ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілермен реттелген міндетті шаралар мәртебесіне ие болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттеуші және анықтаушы дәл осы заңнамалық актілер сәйкесінше субъектілермен ағартушылық сипаттағы мазмұнда меңгеріліп қана қоймай, сондай-ақ оның мәні мен шынайы маңызын толық түсінуін және зерттеуін қамтамасыз етеді.
Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлер кәсіби этиканы қатаң сақтауға және жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де осы қағидаттарды ұстануға шақырылды.