КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Ердәулетұлы медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. Мерзімді әскери қызметке шақыру аясында жұмыс істейтін медициналық комиссия дәрігерлерінің елге сіңіріп жатқан еңбегі ерекше аталып өтті. Азаматтардың денсаулығын мұқият тексеріп, сапалы медициналық сараптама жүргізу арқылы олар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді.

 Басқарма басшысы өз сөзінде, биылғы жылы облыстық жиын пунктіндегі дәрігерлердің қызметін қолдау мақсатында керек-жарақпен қамтамасыз ету бағытында нақты жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Бұл бастама – дәрігерлердің күнделікті қызметін жеңілдетіп, олар үшін қолайлы жағдай жасау және сапалы қызмет көрсетуді көздейді.

БӨЛІСУ