ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 147128 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6%, облыста – 4,8%.

Қала аумағында 5115 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 746-ы тұрақты жұмыс орны.

2025 жылдың 1 маусымына қалалық Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан азаматтардың саны 11756, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 5115, тұрақты жұмысқа орналасқаны – 746, яғни жұмысқа орналасқандарқатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі 14,6%-ды құрады.

Есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны – 6949, уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 4,6%-ды құрады (2024 жылдың қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны – 151301 адам).

— Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 115 адамды оқыту жоспарлануда.

— Жаңа бизнес — идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 520 адамға беру жоспарлануда.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау бойынша:

— Қоғамдық жұмыстарға 2215 адамды жолдау жоспарланып,
2631 адам;

— Әлеуметтік жұмыс орындарына 295 адамды жолдау жоспарланып,
78 адам жолданды— Жастар тәжірибесіне 2099 жасты жолдау жоспарланып, 291 жас маман;

— «Күміс жас» жобасына 705 адамды жолдау жоспарланып, 330 адам;

— «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 1054 жас маманды жолдау жоспарланып, 2 адам жолданды.

Нысаналы топтардың ішінен:

01.06.2025 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардан жұмыс іздеуші ретінде хабарласқаны — 92, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны — 80 (квота бойынша — 49), қоғамдық жұмысқа тартылғаны — 11, күміс жас жобасына — 1, Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны — 12. 

Бүгінгі күнге мүгедектігі бар азаматтар қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқаны — 18, қоғамдық жұмысқа тартылғаны — 327, жастар тәжірибесіне жолданғаны — 3, «Күміс жас» жобасына тартылғаны — 10, «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуға 63 адам жолданып, 47-і оқу курсын аяқтады.

2025 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мақсатында мекемелердегі жұмыскерлердің тізімдік санына қарай 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде 25 мекемеге 28 жұмыс орнына квота бекітіліп, 15 мекемеге 17 азамат (60,7%) тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік әріптестік:

Қала әкімдігінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия жұмыс жасайды. Жыл басынан комиссия отырысы 2 рет өткізілді. Комиссия отырысында мекемедегі еңбек қатынастарының жағдайы туралы мәселе қаралып, талқыланды

Жұмыстан қысқарту жөнінде.

Қала бойынша нақты 7 мекемеден 37 адам қысқартылды. Қысқартылғандардың ішінен бүгінгі күнге 24 жұмысынан айырылу жағдайындағы мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақыға тиісті құжаттары қабылданып көмектер көрсетілуде, 9-натүсіндірме жұмыстары жүргізілуде,
1-і басқа қала тұрғыны, 3-і жұмысқа орналасқан.

Әлеуметтік сала бойынша:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 4 618 469,0 мың теңге бөлініп, 2869 отбасына (14 863адамына) 855 774,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 2774 отбасы (14362 адамына)663 491,5 мың теңге төленді.

Оның ішінде:

— шартты әлеуметтік көмек 1990 отбасына (11036адамына) 537989,6 мың теңге тағайындалып, 1782 отбасы (9932 адамына ) 340181,1 мың теңге төленді.

-шартсыз әлеуметтік көмек 850 отбасына (3632адамына) 286 958,9 мың теңге тағайындалып, 835 отбасы (3581 адамына) 226 686,2 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 7353 балаға қосымша төлемге (1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) 358 447,0 мың теңге бөлініп, 2118 отбасының 4360 баласына87573,0 мың теңге төленді.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың 5100 баласына жолда жүру ақысына 160 426,0 мың теңге бөлініп, 4140 балаға 53 033,7 мың теңге қаржы төленді.

БӨЛІСУ