Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде «Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікті болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы» және «Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы» мәселелер қаралды.
– Сыбайлас жемқорлық — кез келген мемлекеттің дамуына үлкен кедергі келтіретін, қоғамның сенімін жоғалтатын, заңдылық пен әділеттілікке нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Ол мемлекеттің басқару жүйесін әлсіретіп, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарға себеп болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір азамат пен мемлекеттің ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз таза қоғам мен жарқын болашақ құра аламыз, – деді Димаш Серікбайұлы.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен мамандарына тапсырмалар жүктеді.