БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК

«Гежуба Цемент Компаниясы» ЖШС – еңбек адамына негізделген өндірістің үлгісі.

2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама қоғам назарын өндіріс саласындағы негізгі тірек – жұмысшы мамандарға аударуға бағытталған.

Осыған орай, «Гежуба Цемент Компаниясы» ЖШС өз ұжымының кәсіби біліктілігі мен өндірістегі табанды еңбегін жоғары бағалайды. Шиелі кентінде орналасқан зауытта 260-тан астам қызметкер жұмыс істейді. Олар күн сайын заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс алаңында еңбек етіп, жылына 1 миллион тонна цемент өндіруге үлес қосуда.

Компанияның басты құндылығы – қауіпсіз еңбек, тұрақты жұмыс орны және қызметкерлердің кәсіби дамуы.
Бүгінде «Гежуба Цемент Компаниясы» ЖШС – Қазақстан мен Өзбекстан нарығына сапалы өнім жеткізетін сенімді серіктес қана емес, сонымен қатар өңірлік жұмыспен қамту мен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі болып отыр.

БӨЛІСУ