ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Б.Нұралы «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы жастарымен кездесіп, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастау алған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар түсіндірме жұмыстары барысында Qazaq Resmi Test жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білуге тестілеуден өту тәртібі туралы толығырақ ақпарат ұсынылды.
Шара барысында, Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айта келе, жобаның негізгі мақсаты — дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту екендігін атап өтті.
Президенттік жастар кадр резерві жобасының негізгі мақсаты мен міндеттері, жобаның өңірдегі жүзеге асырылуы және мемлекеттік қызметке талантты жастарды көптеп тару бағытында атқарылған іс – шараларға кеңірек тоқталып өтті.
Кездесу соңында аталған іріктеуге қызығушылық танытқан жастардың сұрақтарына жауаптар берілді.

БӨЛІСУ