«ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!» АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Қазалы ауданында мектеп бітірушілер үшін ең толғанысты әрі естен кетпес күндердің бірі — аттестат табыстау рәсімі болып өтті. «Жолың болсын, жас түлек!» атауымен өткен бұл шара білім мен тәрбиенің алтын ұясынан ұшқалы тұрған шәкірттерге арналды.

 Биыл аудан бойынша 9 сыныпты — 1593 оқушы аяқтаса, оның 220-сы “Үздік аттестат” иегері атанды. Бұл — жас буынның табанды еңбегі мен сапалы білімінің жемісі.

 11 сыныпты — 950 оқушы тәмамдап, 100 түлек “Алтын белгі”, 103 түлек “Үздік аттестат” иегері атанып, ауданның білім сапасын биік дәрежеде дәлелдеді.
Салтанатты жиындарда әр мектеп өз түлегін құрметпен шығарып салып, әдеби-сазды бағдарламалар ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар ұстаздарына, ата-аналарына, сыныптастарына жүрекжарды тілектерін білдірді.

БӨЛІСУ