Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы – Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы — Жұманов Бағлан Әбділдаұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық білім бөлімі, Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандағы мекемелер мен кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиын барысында департаментінің басшысы – Б.Жұмағұлов кәсіпорындарда ықтимал еңбек тәуекелдерінің алдын алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енген еңбек тәуекелдер картасындағы «жоғары» және «орта» тәуекел аймағындағы кәсіпорындармен алгоритмге сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізілуде екендігін атап өтті.
Сонымен бірге кәсіпорындардың 23 көрсеткіштер (міндетті әлеуметтік төлемдерін, міндетті зейнетақы төлемдерін, міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін кешіктіру динамикасының өсуі, төлемшілер санының азайуы, уақытылы төлем жүргізбеу,т.б.) бойынша Еңбек тәуекелдер картасында тәуекел санатына енгізілген мекемелер жөнінде жұмыстар жүргізілуі қажет екендігін түсіндірді.